Қостанайлық балуандар боз кілемде белдесті. Турнир, тәжік-ауған соғысында қаза тапқан сарбаздарды еске алуға арналды. Бұл жолы спорттық шара грек-рим күресі сайысымен ерекшеленді. Спортшылар жарысқа тыңғылықты дайындалған. Республиканың түкпір-түкпірінен келген жүзден астам спортшы жоғары деңгейде өнер көрсетті.