Аймақта «IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі басталды. Білім бәйгесіне аудандық кезеңнен озық шыққан 335 оқушы жолдама алған. Олимпиаданың ерекшелігі – оған тек ауыл - аймақтардан 8 ші сынып оқушылары ғана қатыса алады. Және олар АҚШ-тағы ең беделді жоғары оқу орындарына түсуге үміткер бола алады.