Құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында ел бойынша қолға алынған «Ұлттық сезім» жобасына қостанайлықтар да қолдау білдіріп жатыр. Санитарлық дәрігерлер бүгін жұмысқа ұлттық киім киіп келді. Айта кетейік, бұл бастама аптаның әрбір жұма күнінде қайталанып, басқа да мекеме қызметкерлері арасында дәстүрге айнала бастады.