Енді кәмелет жасқа толмаған балалар тегін заң көмегіне жүгіне алады. Қостанай облысының Әділет департаменті бала құқығын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілмен меморандумға қол қойды. Ынтымақтастыққа негізделген шара болашақта жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырады, дейді ұйымдастырушылар.