Денсаулығың өз қолыңда. Қостанайдағы қалалық нөмірі 2-ші емханада осыдан бірнеше жыл бұрын енгізілген Ауруларды басқару бағдарламасы оң нәтиже беріп жатыр.  Созылмалы инфекциялық емес аурулар бойынша бұнда қазіргі күні 8500-ден астам адам есепте тұрса, оның 5000-ы осы жоба бойынша ем алуда. Дәрігердің кеңесін мұқият орындап, денсаулықтарын жақсартқан пациенттерді емдеу мекемесі өзгелерге үлгі етіп, сыйлықтар табыстады.