Халық санының өсуіне Президент тапсырмасымен әзірленген «Аңсаған сәби» бағдарламасы да ықпал етіп жатыр. Осы игі жоба аясында жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінген квотаның көлемі де көбейді. Мысалы, Қостанай өңірі үшін 0,2  есеге артқан. Бұл бастама облыстағы отбасылық демографиялық жағдайды жақсартуға әсер етпек.