Қостанайда ұрлық жасап, елге миллиондаған шығын келтірді деген күдіктілер қолға түсті.
Ақмола облысының екі тұрғыны трансформаторлық қосалқы станциялардан жабдықтарды кезекті мәрте ұрлау барысында ұсталды. Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, бұл олардың алтыншы ұрлығы болар еді. 2 апта бойы «гастролерлер» трансформаторлық қосалқы станциялардан, облыс орталығының әр аумағынан қымбат жабдықтарды ұрлап келген, – дейді Солтүстік бөлімнің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Қуат Темірғалиев. Соңғы рет олар қосалқы станциядан 4 блок-модульдік релелік қорғанысты ұрлауға тырысып көрген. Осындай бір қорғаныстың құны 2 миллион 500 мың теңге тұрады. Алты дерек бойынша жалпы шығын көлемі 100 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ақмола облысының Ақкөл ауылының 20 жастағы екі тұрғыны осы іс бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар өз кінәларын мойындады. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленді.