Облыста автожол саласының 2023 жылға арналған бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Оның ішінде Қостанай қаласы бойынша 65 көше ретке келтіріледі. Бұл шамамен 34,3 шақырым. Сонымен қатар 8,6 млрд теңгеге 45 аула жөндеуден өтпек. Автожол саласындағы биылғы жоспар өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында талқыланды.