Қазақстан мен Ресей арасындағы 19-шы өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық аясында Қостанайда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын аяқтау маусым айының соңына жоспарланған. Алаңдағы қиыршық тастарды ауыстырумен қатар, қарағайларды қайта отырғызу және Лаврентий Таран ескерткішін қайта жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді.