Пробация қызметі аясында құқық саласын ізгілендіру өз нәтижесін беруде. Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үлкен мәнге ие. Шартты түрде бостандыққа шыққан жазасын өтеушілерді оқшауламай, оларды түзеу үшін қоғамдық жұмыстарға ғана емес, іс-шараларға да тарту маңызды. Қостанайда жастар ресурстық орталығы пробация қызметкерлерімен бірлесе отырып, Ұлыстың ұлы күніне арналған мереке ұйымдастырды.