Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің есебін тыңдады. Кеңейтілген отырыс барысында 2022 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы жоспар түзілді. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисембаевтың айтуынша, 2022 жылы бұл салаға 115 млрд теңге қаржы бағытталған.