Экономикалық көрсеткіштер бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Барлық салада өсім байқалады. Бұл жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина мәлім етті. Айтуынша инвестиция көлемі ұлғайып, өңірдің экспорттық әлеуеті артқан.