Қостанай облысында демалыс күндері бірнеше алаяқтық жасалды. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тағы да тұрғындарды қырағы болуға және басқа тұлғаларға өздерінің дербес деректерін сенбеуді ескертеді.
Солардың бірі Рудный тұрғыны алдаудың құрбаны болды. Белгісіз адамдар "OLX" сайтында тоңазытқыш сату сылтауымен жәбірленушінің деректерін біліп, жарты миллион теңгені иемденген. Тағы бір жәбірленуші сайт арқылы кереует сатпақ болған, ал алаяқтар сенімін асыра пайдаланып, 49 мың теңгені иемденіп, оны банк шотынан шешіп алған. Ақмола облысының тұрғынын алаяқтар "WhatsApp" мессенджерінде осы уақытта дейін Жітіқара қаласында болған ұлымын деп таныстырып алдап соққан. Хабарламада оған шұғыл түрде ақша қажет екендігі айтылды. Әйел ақпаратты тексермей 130 мың теңге аударып жіберген. Арқалық тұрғыны алаяқтарға сеніп, 800 мың теңгесінен айырылды, алаяқтар "Kolesa.kz" сайты арқылы автокөлікті сату сылтауымен, одан қаражаттың бір бөлігін банк қосымшасы арқылы аударуды сұраған. Қостанай тұрғыны телефон арқылы өтініш берушінің атына несие ресімделгені туралы хабарлаған банктің жалған қызметкерлеріне сеніп, өзінің жеке деректерін берген. Нәтижесінде ол депозиттік шотындағы 4 млн 360 мың теңгесінен айырылды. Қостанай облысы ПД полициясы тағы да тұрғындарды аса мұқият болуға және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады.