Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акция өтті. Онда мемлекеттік билік органдары, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарға өздерін қызықтыратын барлық құқықтық мәселелері бойынша толық және тегін кеңес берді. Аталмыш акция Қостанай өңірінде де өткізілді.