Жұмыртқа импортына 2 айға тыйым салынды
Қазақстанда тауық жұмыртқасын импорттауға екі ай мерзімге уақытша шектеу енгізілді. Аталған шара отандық құс шаруашылығын қолдау және ішкі нарықты реттеу мақсатында қабылданды.
Ауыл шаруашылығы министрінің 12 қарашада қол қойған бұйрығына сәйкес, шектеу барлық көлік түрімен жеткізілетін тауық жұмыртқасына қатысты. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келетін өнімдер де бар. Ал Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалға тыйым салынбайды. Сондай-ақ шектеу күшіне енгенге дейін экспортқа рәсімделген немесе ел аумағына жеткізіліп қойған жұмыртқа партияларына тиісті құжаттар негізінде рұқсат беріледі. Бұйрық 13 қарашадан бастап күшіне енді.