Дін және қоғам
Қоғамда діннің орны мен қызметкерлерінің жауапкершілігі уақыт өткен сайын артып келеді. Әсіресе, жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, теріс ағымдардың алдын алу және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау өзекті. Бұл бағытта мешіт қызметі діни рәсімдермен, қоғамдық-ағартушылық жұмыстармен де толығып келеді.
Мешіттерде халықпен кездесулер, рухани-танымдық және тарихи-мәдени бағыттағы іс-шаралар көп ұйымдастырылады. Дін қызметкерлері қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басымдық беріп келеді.