Негізгі АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан» Республикалық телерадикорпорациясы» акционерлік қоғамы Қостанай облыстық филиалының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәсілімен қатысатын азаматтардың сайлауалды үгіт материалдарын телеарна эфирінде орналастырудың жалпы шарттары

«Қазақстан» Республикалық телерадикорпорациясы» акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалы (бұдан әрі – Филиал) «Qostanai» аймақтық телеарнасы (бұдан әрі – Телеарна), сондай-ақ https://qostanaitv.kz сайты арқылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Телеарнада орналастыру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Телеарна Үгіт материалдарын Филиал мен төмендегілер арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде орналастырады:

  1. Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия немесе оның уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Саяси партия);
  2. партиялық тізімдер бойынша және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттығына кандидат немесе оның уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Кандидат).

Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру Телеарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге, яғни эфир уақытының жоспарлы аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру төмендегі материалдар түрлері бойынша жүзеге асырылады:

  1. қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес бейнероликтер;
  2. бейнесюжеттер (арнайы репортаж);
  3. өзге де Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің Филиал басшысының атына жазған жазбаша өтініші Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, орналастыру жоспарланған күні мен уақыты Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейіннен шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

  1. Саяси партияның партиялық тізімінің/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Филиал белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, Филиал Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға/Кандидатқа Үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first), кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Бейне мен дыбыс MOV немесе MXF контейнерлеріне жазылуы тиіс.

Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40 дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20 Гц–20000 Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффициенті 1 %-дан артық емес; сигналдың акустикалық реверберациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеу 100 % анық болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар мен кедергілер естілмеуі тиіс. 1–2 дыбыс жолақтары үшін біріктірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет, ал 3–4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш-карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары беріледі. Жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда, ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіт материалдарында олардың төленуі және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күштеп өзгерту, оның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдікті не алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, Филиал оларды орналастырудан бас тартады.

Филиал Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Мәслихаттары депутаттығына басқа кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

№ Телеарна атауы Орналастыру түрі Орналастыру тілі Құны, теңге
1 «Qostanai» Компьютерлік графика, анимация және 3D графика қолданылатын бейнеролик Қазақ және орыс тілдерінде. Ұзақтығы 30 секундқа дейін 135 000
2 «Qostanai» Бейнесюжет дайындау және орналастыру. Арнайы репортаж Қазақ және орыс тілдерінде. Ұзақтығы 3 минутқа дейін 55 000
3 «Qostanai» Бейнероликті орналастыру (әрбір эфирге шығу үшін екі тілде есептеу) Күніне 10 рет эфирге шығару (мемлекеттік тілде 5 рет және орыс тілінде 5 рет) 1 секунд үшін 170 теңге
4 «Qostanai» Коммерциялық бағдарламаларды тікелей эфирде көрсету 30 минутқа дейін 12 000

* Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған.

Интернет-ресурстарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

Орналастыру құны Телеарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Телеарнада Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау Филиал ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 2026 жылғы 24 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), үзіліс уақыты 13:00-ден 14:30-ға дейін, төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:

  • «Qostanai» телеарнасында орналастыру үшін: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Қостанай облыстық филиалының директоры Санай З.

М.О.