Негізгі Жаңалықтар Еліміз туризмді дамыту бойынша Орталық Азияда көш бастады

Еліміз туризмді дамыту бойынша Орталық Азияда көш бастады

Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтады. Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Еліміздің көрсеткіші соңғы екі жылда 1,6%-ға жақсарған. Ал әлемдік рейтингтің алғашқы үштігіне Жапония, АҚШ және Испания елдері енді.Толығырақ Айша Мұратқызы тарқатады.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Travel & Tourism Development Index 2026 зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 7 балдық жүйе бойынша 4,09 балл жинаған. Бұл көрсеткіш елімізге халықаралық рейтингте 56-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өңірдегі өзге мемлекеттерден Өзбекстан 3,69 баллмен 76-орынға, Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға жайғасқан. Демек, Қазақстан Өзбекстаннан 20, Қырғызстаннан 37 саты жоғары тұр. Сонымен қатар еліміз Филиппин, Әзербайжан, Оман, Мысыр және Марокко сияқты мемлекеттерден де озып шықты.Қазақстанның туристік әлеуеті қалай өзгерді?Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның туристік даму көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға өскені анықталған.Бағалау барысында туризм саласының дамуына ықпал ететін жағдайлар кешенді түрде сараланған. Атап айтқанда, көлік қатынасының қолжетімділігі, қауіпсіздік деңгейі, қонақүй инфрақұрылымы, табиғи және мәдени көрікті орындар ескерілген. Жалпы, мамандар 17 бағыт бойынша 102 көрсеткішке талдау жасаған. Айта кету керек, бұл рейтинг елге келген туристердің нақты санын немесе туризмнен түскен табысты емес, мемлекеттің туристік саланы дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай 


Бөлісу