Негізгі Жаңалықтар Ірі қара малдың аталықтарын экспорттауға тыйым тағы 6 айға ұзартылды

Ірі қара малдың аталықтарын экспорттауға тыйым тағы 6 айға ұзартылды

Қазақстанда ірі қара малдың еркек төлін шетелге шығаруға қойылған тыйым тағы алты айға ұзартылды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттауға да қатысты. Тиісті бұйрық 9 қарашадан бастап күшіне енді. 

Ауыл шаруашылығы министрі тиісті құжатқа 5 қарашада қол қойған. Оған сәйкес, алдағы алты айда бұқаларды ел аумағынан әкетуге рұқсат жоқ. Бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жүктелді. Айта кетейік, мұндай шектеу алғаш рет 2025 жылдың шілдесінде енгізіліп, содан бері бірнеше рет ұзартылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шараны елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту қажеттілігімен түсіндірген. 



Бөлісу