Негізгі Жаңалықтар Бір айда үш адам суға кетті

Бір айда үш адам суға кетті

Қостанай облысында бір айдың ішінде үш адам суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға өңірдің үш ауданында тіркелген. Мамандардың айтуынша, судағы қауіпсіздік талаптарын елемеу орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. 

Қайғылы жағдайлардың барлығы балық аулау кезінде болған. Азаматтар су айдындарына шығып, қайта оралмаған. Бір айдың ішінде үш адамның өмірін жалмаған оқиғалар өңірде судағы қауіпсіздік мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.

Құтқару кеудешесі - балықшылар үшін ең маңызды қорғаныс құралдарының бірі. Алайда кейбір азаматтар бұл талапты елемей, суға арнайы жабдықсыз шығады. Құтқарушылардың айтуынша, өткен жылы облыс аумағында балық аулау кезінде мұндай жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Ал биылғы үш бірдей қайғылы жағдай тұрғындардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру қажеттігін көрсетіп отыр. Сондықтан мамандар қайықпен суға шыққанда кеудеше киіп, алкогольдік ішімдік ішуден бас тартуға шақырады. 

Мамандар тұрғындарға су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауды тағы да ескертеді. Балық аулауға шығарда жақындарына қайда баратынын хабарлап, ауа райы болжамын тексеріп, қажетті қауіпсіздік құралдарын түгел алған жөн. Өйткені судағы қарапайым сақтықтың өзі адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. 


Бөлісу