Негізгі Жаңалықтар Жергілікті бюджетке қосымша 6,5 млрд теңге түсті

Жергілікті бюджетке қосымша 6,5 млрд теңге түсті

Қостанай қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы биылғы жылдың тоғыз айында салық түсімдері бойынша жоспарды артығымен орындады. Мемлекеттік бюджетке 178 миллиард 955 миллион теңге көлемінде салық түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға артық. Сонымен қатар, салық базасын кеңейту бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жергілікті бюджетке қосымша 6,5 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылған.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 1 қазанына дейін мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жоспары 100,5 пайызға орындалған. Нәтижесінде жоспардан тыс 877 миллион теңге қосымша қаржы түскен. Оның ішінде республикалық бюджетке 88 миллиард 589 миллион, ал жергілікті бюджетке 90 миллиард 366 миллион теңге аударылған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салық түсімдерінің көлемі 8 миллиард 218 миллион теңгеге артқан.


Бөлісу