Негізгі Жаңалықтар Жылы аялдама жетіспейді

Жылы аялдама жетіспейді

Жылы аялдама жетіспейді

Қостанайда 506 аялдама пунктінің тек 17-сі ғана жылы павильонмен жабдықталған. Сондықтан қала тұрғындары үшін қыс мезгілінде қоғамдық көлік күту мәселесі өзекті болып отыр. Әкімдік аялдама инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Алдағы жылдары қалада тағы 20 жаңа павильон орнату мүмкіндігі қарастырылып жатыр.


Қала әкімдігінің мәліметінше,бұған дейін 191 шыны аялдама павильоны орнатылған. Ал 34 аялдамада бизнес нысандары жұмыс істейді. 2025 жылы қалада тағы 35 жаңа аялдама павильоны пайда болды. Оның үшеуі жылы үлгіде салынса, 32-сі ашық павильон ретінде жабдықталған. Ал 2027 жылы тағы 20 аялдама павильонын орнату мүмкіндігі қарастырылып отыр. Дегенмен әзірге олардың нақты қай аумақтарға орналастырылатыны және қаншасы жылы болатыны белгісіз. Айта кетейік, бүгінде Қостанайдың маршруттық желісі 40 бағытты қамтиды. Оның 22-сі қалалық, 18-і қала маңындағы бағыттар. Күн сайын қоғамдық көлік желісіне 190 автобус шығады.



Бөлісу