Негізгі Жаңалықтар Денсаулық сақтау саласына ден қойылып келеді

Денсаулық сақтау саласына ден қойылып келеді

Қазақстанда соңғы бес жылда 1 003 жаңа медициналық нысан ашылды. Оның ішінде 10 аурухана, 14 емхана, 967 дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт, 3 ғылыми медициналық орталық және өзге де 9 ұйым бар. Жаңа нысандардың 655-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға қысқарды. Дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шараларымен қамту 2,2 есе өсті. 2025 жылы 1 760 дәрігер қолдау алып, 727 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 529 адамға 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді. Қазақстанда 760 медициналық білім беру бағдарламасы тіркелген. Сондай-ақ дәрігерлерді даярлау өңірлердің қажеттілігіне бейімделіп, симуляциялық орталықтар мен клиникалық тәлімгерлік жүйесі дамып жатыр.


Бөлісу