Негізгі Жаңалықтар Агроөнеркәсіпке арналған тың технология

Агроөнеркәсіпке арналған тың технология

Қазақстандық студенттер егістік алқаптарының жағдайын саралап, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін алдын ала болжауға арналған жасанды интеллект платформасын жасап шығарды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Жастардың инновациялық жобасы National Founder Cup Astana 2026 стартаптар байқауында үздік деп танылды. Сайысқа қатысқан 16 команданың арасынан Sator платформасы агроөнеркәсіп кешеніне бағытталған тың технологиялық шешімімен топ жарды. 


Бөлісу