Жаңартылған энергия көздерінен қуат өндіру көлемі артты
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ға тең. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.
Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты. Кейінгі он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті. Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.