Өнерге баулыған білім ордасы
Әулиекөл аудандық балалар өнер мектебінде 730-ға жуық оқушы білім алады. Мұнда балалар музыка, хореография, бейнелеу және театр өнерін меңгереді. Жас өнерпаздар облыстық және республикалық байқауларға қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүр.
Мектепте домбыра, ұлттық аспаптар, би, сурет және сахна өнері бойынша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар «Қазына» фольклорлық ансамблі, ұлттық аспаптар оркестрі, вокалдық топ пен хор жұмыс істейді.
1972 жылы құрылған өнер ордасында бүгінде 40-тан астам педагог еңбек етеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар мектепте шығармашылық дәстүр жалғасып, өнерлі ұрпақ тәрбиеленіп келеді.