Экологиялық жоба еңсерген белес
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялықбастамасы бүкіл ел бойынша 6,9 млн-нан астамадамды біріктірді. Бірлескен күш-жігермен 1,1 млн. гектар аумақ тазартылды, 844 мың тонна қалдық жиналып, шығарылды, 1,3 млн астам ағаш отырғызылды.
Жыл басынан бері 753 экологиялық іс-шара өткізілді, оған азаматтар, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдықұйымдар өкілдері қатысты. Бұл бастаманың маңызды бөлігі - ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасылбалабақша» жобасы аясында экологиялықбағыттағы 295 мектепке дейінгі ұйым құрылды, ал мектептерде экологиялық тәрбие бойынша 158 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді. Қоғамдық экологиялық бақылау белсенді дамып келеді. TazaQazBot Telegram-чат-боты арқылы санитарлық жағдай және аумақтардыабаттандыру мәселелері бойынша 59,6 мың өтінім келіп түсті. «Таза Қазақстан» — бұл жай ғана экологиялықакциялар емес, тазалыққа, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және экологиялық мәдениет қалыптастыруға деген ортақ ұмтылыс.