Негізгі Жаңалықтар Елдіктің еңселі мерекесі

Елдіктің еңселі мерекесі

Еңбек адамдарына көрсетілген құрмет, өнермен өрнектелген мерекелік кеш. Жітіқара ауданында да Республика күні аталып өтті. Салтанатты іс-шарада сан түрлі сала өкілдері марапатталып, жергілікті өнерпаздар көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Ел тарихын ұлықталып, туған жерге деген сүйіспеншілік дәріптелген кеш көірінстерін тілші бейнематериалынан көрейік. 

Мерекелік іс-шара мәдениет үйінде басталды. Мұнда аудандық кітапхана қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырған. Назарға ел тарихы, мемлекеттің қалыптасуы мен тәуелсіздік жолын баяндайтын кітаптар ұсынылды. Келушілер мемлекет тарихына қатысты еңбектермен танысып, өткен күндерге шолу жасауға мүмкіндік алды.

Ал негізгі салтанатты бөлім концерт залында өтті. Мұнда аудан дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала мамандары марапатқа ие болды. Бұл - олардың күнделікті еңбегіне берілген баға әрі алдағы жұмысына - серпін.

Марапатталғандардың қатарында Динара Жабақова да бар. Ол мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бас маман болып төрт жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт ішінде тәжірибе жинап, өз мамандығын жақсы көретінін айтады. Жауапкершілігі мол жұмыс оған кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік беріп келеді.


Бөлісу