Негізгі Жаңалықтар «Этноспикер» жобасының кезекті кезеңі аяқталды

«Этноспикер» жобасының кезекті кезеңі аяқталды

Қоғамдық келісімді нығайту, достықты дәріптеу және жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту. Облыста «Этноспикер» жобасының үшінші легі қорытындыланды. Бастама жастардың шешендік өнерін шыңдап, көпшілік алдында еркін сөйлеуге және заманауи медиа дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Екі жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жоба аясында қатысушылар журналистика, мобилография, шешендік өнер және этномедиация бағыттары бойынша білім алды. Қорытынды кездесуде жеке бренд қалыптастыруға арналған соңғы тренинг өтіп, белсенді жастар марапатталды. Жобаның басты мақсаты – жастардың әлеуетін ашып, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосу. Жобаға қатысушылардың бірі – алғашқы лек түлегі Аман Смайыл. Оның айтуынша, бұл бастама көпшілік алдында еркін сөйлеуге және өз ойын сауатты жеткізуге көмектескен.


Бөлісу