Негізгі Жаңалықтар Қостанайда көпфункционалды стадион ашылды

Қостанайда көпфункционалды стадион ашылды

Қостанайда әуесқой футбол командалары жаттығып, жарыс өткізе алатын жаңа стадион ашылды. Нысан көпфункционалды, сондықтан мұнда волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерінен де жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Республика күніне орай пайдалануға берілген жаңа алаңның ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты.

Қостанайда футболмен 11 мыңнан астам адам айналысады. Алайда осы уақытқа дейін әуесқой командалардың жаттығуына және лига ойындарын өткізуіне арналған мұндай көлемді стадион болмаған. Жаңа нысан осы қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді

Стадион 2,9 гектар аумақты алып жатыр. Көрермендерге арналған әрқайсысы 500 орындық екі трибуна салынған. Спортшылар үшін ұзындығы 400 метрлік жүгіру жолақтары, баскетбол және волейбол алаңдары жабдықталған.

Көпфункционалды стадион Мемлекет 

басшысының тапсырмасына сәйкес салынды. Оның басты артықшылығы – түнгі уақытта да қолданысқа беріледі, өйткені кешен толықтай заманауи жарықтандыру жүйесімен қамтылған. Енді бұл орталық қала тұрғындарының игілігіне беріліп отыр, яғни кез келген азамат келіп, спортпен еркін шұғылдана алады. Бұдан бөлек, Қостанайда тағы бір спорт нысанының құрылысы басталды. Қазір Қайырбек – Текстильщик көшелерінің қиылысында жекпе-жек сарайының іргетасы қалануда.

Жалпы ауданы 5,6 мың шаршы метр болатын үш қабатты кешенде жаттығу залдары мен жарыс алаңы болады. Мұнда республикалық және халықаралық турнирлер өткізіліп, ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Бір ауысымда 100-ден астам спортшы жаттыға алады. 2023 жылдан бері облысымызда 40-тан астам спорт нысаны – 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат спорты манежі және 


Бөлісу