Жол инфрақұрылымы мен туризмге басымдық беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жариялады. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды міндет айқындалды. Президент келер жылды Халықтық құрылыс жылы деп жариялады. Бастама аясында жол инфрақұрылымын дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға басымдық берілмек.
Халықтық құрылыс жылы аясында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын жақсартуға ерекше назар аударылмақ. Сонымен қатар туристік әлеуеті жоғары аумақтарда әуежайлар салу, перинаталдық орталықтар мен көпбейінді ауруханалар ашу жоспарланып отыр. Бұл көлік қатынасын жақсартуға, ішкі туризмді дамытуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жолдауда көтерілген бастамалардың маңызына қатысты «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Аружан Сәрсенбаева өз пікірін білдірді.