Негізгі Жаңалықтар Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі. Күнделікті ас мәзірінің сапасы адамның жалпы жағдайына ғана емес, түрлі аурулардың асқынбауына да әсер етеді. Осы ретте, Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай Қостанайдағы №2 қалалық емханада тұрғындарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.


Қазан айының күнтізбесіндегі дүниежүзілік азық-түлік күніне арналған дата бар. Осыған орай №2 қалалық емханасы дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіретін ашық есік күнін өткізді. Бұл күні емдеу мекемесіне келген тұрғындар бірнеше көмекті бір уақытта алды.

Денсаулығына алаңдап, бұл күнді құр жібермеуге келген адамдардың қарасы қалың. Оның қатарында жасы да, кәрісі де бар. Бәрі дәрігер көмегін алып, денсаулықтарына қатысты кеңестер мен ұсыныстарға құлақ түрді. Мұндай ашық есік күндері тұрғындарға өз денсаулығына бейжай қарамай, дер кезінде тексерілудің маңызын ұғындырады.

Сонымен қатар, 29 қазан дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Физикалық белсенділік, дене салмағын реттеу, қан қысымын бақылау, холестеринді тексеруден бөлек дұрыс тамақтану да ми қан айналымының бұзылуынан сақтайды. 

Аурулардың алдын алуда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Күнделікті ас мәзіріне көкөністер мен жеміс-жидектерді қосып, тұзды және майлы тағамдарды шектеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының, соның ішінде инсульттің даму қаупін азайтуға болады. Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану - денсаулықты сақтаудың кепілі.


Бөлісу