Негізгі Жаңалықтар Мектеп ұстаздары Президент Жолдауын ұжым болып тыңдады

Мектеп ұстаздары Президент Жолдауын ұжым болып тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Келешек мектептері» ұстаздары да ұжым болып тыңдады. Кезекті Жолдауда ел дамуының басым бағыттары, соның ішінде білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері қамтылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Одан кейін Қостанай қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары экран алдына жиналып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын бірге тыңдады. Ұжым назары елдің алдағы даму бағдарын айқындайтын маңызды құжатқа ауды.

Ұстаздар қауымы Жолдауда айтылған ел дамуының негізгі басымдықтарын мұқият тыңдап, маңызды тұстарын қағазға түртіп алды. Мектеп ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын жыл сайын дәстүрлі түрде бірге тыңдауды әдетке айналдырған. Бұл — елдегі өзгерістер мен алдағы міндеттерден хабардар болып, білім беру саласына қатысты бағыттарды назарда ұстауға мүмкіндік береді.

Жолдаудағы міндеттер білім беру саласына да жаңа талаптар жүктейді. Ал оларды жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен жаңашылдыққа ұмтылысы маңызды рөл атқарады


Бөлісу