Негізгі Жаңалықтар Республика күніне орай әскерилер марапатталды

Республика күніне орай әскерилер марапатталды


Республика күні қарсаңында 6697 әскери бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында қызметте үздік нәтиже көрсеткен офицерлер мен сарбаздар марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Республика күні — елдіктің еңсесін көтеріп, тәуелсіздіктің қадірін айшықтайтын мереке. Бұл күнді әскери бөлімнің жеке құрамы да атап өтті. Салтанатты жиында әскери қызметшілердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігі мен Отан алдындағы борышына ерекше мән берілді.

Мереке аясында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер марапатталды. Оларға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Жалпы, 50-ге жуық офицер мен сарбаз марапатқа ие болды. Бұл — олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбегіне берілген баға.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Әскери қызметшілер ән тыңдап, Республика күнінің мән-маңызы жайындағы ақпаратқа қанықты. Іс-шара елге қызмет ету - азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің үлгісі екені кезкті ре теске салумен түйінделді.


Бөлісу