Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік желілерге жас шектеуі енгізілуі мүмкін

Әлеуметтік желілерге жас шектеуі енгізілуі мүмкін

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі цифрлық платформалармен бірлесіп, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу тетігін пысықтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов Astana Media Week 2026 форумында мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, пайдаланушыларды сәйкестендіру және олардың жасын анықтау мәселесі негізгі бағыттардың бірі болмақ. Тиісті тетікті әзірлеу барысында өзге елдердің тәжірибесі ескеріліп, цифрлық платформалармен бірлескен жұмыс жүргізіледі. Ұсынылып отырған шектеулер әлеуметтік желілерге қатысты болады. Ал WhatsApp пен Telegram сияқты мессенджерлер қолжетімді болып қала береді. Вице-министр балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың да рөлі маңызды екенін атап өтті.


Бөлісу