Негізгі Жаңалықтар Жүк көлігі мен 2 мотоцикл соқтығысты

Жүк көлігі мен 2 мотоцикл соқтығысты

Тобыл қаласында жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Семина көшесінде КамАЗ жүргізушісі солға бұрылған кезде екі мотоциклмен соқтығысқан. Жол апатынан бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Екінші зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.


Бөлісу