Спорт кешені пайдалануға берілді
Қарасу ауданында «Аламан» спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұған дейін құрылысы аяқталмай, проблемалық нысанға айналған ғимараттың мәселесі оң шешімін тапты.
Кешен жұмысын жандандыруға жергілікті билік ерекше назар аударды. Нәтижесінде, құрылысы ұзақ уақыт аяқсыз қалған нысан толық дайындалып, тұрғындар игілігіне берілді. Енді мұнда түрлі спорт бағыттары бойынша жаттығулар өткізіліп, балалар мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға басымдық беріледі.