Қостанай ауданында жаңа экопарк ашылды
Қостанай ауданында 43,8 гектар аумақты алып жатқан жаңа экопарк ашылды. Құны 660 миллион теңге болатын нысан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында салынған. Ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.