Негізгі Жаңалықтар Бала саулығы: аурудың алдын алу және ерте анықтау

Бала саулығы: аурудың алдын алу және ерте анықтау

Келесі жылдан бастап Қазақстанда ата-аналарға балалардың алдағы медициналық тексерулері туралы SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Бұл ескертулер отбасыларға тексерулер туралы алдын ала біліп, олардан уақытылы өтуге мүмкіндік береді. Жаңа бастама профилактикалық тексерулерді цифрландыру аясында жүзеге асырылмақ. Бұл үдеріске жасанды интеллект құралдары да енгізіліп жатыр.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 миллион бала профилактикалық тексеруден өтті. Олардың 302 мыңынан түрлі ауру анықталып, 119 мыңнан астамы динамикалық бақылауға алынды. Ең жиі кездесетін мәселелердің қатарында тіс жегісі, қаназдық және көру қабілетінің бұзылуы бар. Тек 6 ай ішінде мектеп оқушыларынан тіс жегісінің 80 169 жағдайы анықталған. Тіс жегісінің алдын алу стоматологқа қаралумен ғана шектелмейді. Күнделікті әдеттердің де маңызы зор. Атап айтқанда, ауыз қуысының гигиенасын тұрақты сақтау, тәтті сусындар мен құрамында қанты көп өнімдерді тұтынуды азайту, таза ауызсуға қолжетімділікті қамтамасыз ету және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет.


Бөлісу