Сайын Мұратбековтің туғанына – 90 жыл
Бүгін 15-ші қазанда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз шебері Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толды. Ол 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген.
Сайын Мұратбеков қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Жазушы шығармаларына ауыл өмірін, қарапайым адамдардың тағдырын, балалық шақтың естеліктерін, адамгершілік пен ізгілікті арқау етті. Сөз суреткерінің «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Көкорай», «Қылау», «Отау үй» секілді туындылары әдебиеттің құнды мұрасына айналды. Әсіресе «Жусан иісі» повесі соғыс жылдарындағы ауыл балаларының тағдырын, олардың жан дүниесі мен өмірге деген үмітін әсерлі бейнелеуімен ерекшеленеді.