Негізгі Жаңалықтар Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік

Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік

Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік

Интернет-алаяқтық пен жеке деректерді қорғау мәселелері Қостанайда өткен «Qostanai Cyber Security Conference» конференциясында талқыланды. IQostanay орталығында ұйымдастырылған жиынға студенттер, курсанттар, киберқауіпсіздік мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Qostanai Hub пен Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бірлесіп өткізді. Қатысушылар фишинг, әлеуметтік инженерия және деректердің таралу қаупін талқылап, киберқауіпсіздік бағытындағы жобалармен танысты. Сонымен қатар арнайы көрме ұйымдастырылды.

Бөлісу