Мәслихат депутаттарын сайлау мерзімі белгіленді
29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қостанай облысында сайлау науқанының күнтізбелік жоспары бекітілді.
Қостанай облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық басталды. Аумақтық сайлау комиссиясының отырысында науқанның күнтізбелік жоспары бекітілді. Құжатқа сәйкес, кандидаттарды ұсыну мерзімі – 14-27 қазан аралығы. Құжаттарды қабылдау 27 қазан сағат 18:00-де аяқталады. Ал кандидаттарды тіркеу 14 қазаннан 1 қараша сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.Өңірдегі мәслихаттарға барлығы 264 депутат сайланады. Оның 16-сы облыстық мәслихатқа партиялық тізімдер арқылы өтсе, 248 депутат бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.