Мәслихат депутаттарын сайлау мерзімі белгіленді
29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қостанай облысында сайлау науқанының күнтізбелік жоспары бекітілді.
Қостанай облысында мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық басталды. Аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлау науқанының негізгі кезеңдері мен мерзімдері айқындалды.
Кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады. Ал кандидаттарды тіркеу 14 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Өңірдегі мәслихаттарға барлығы 264 депутат сайланады. Оның 16-сы облыстық мәслихатқа партиялық тізімдер арқылы өтсе, 248 депутат бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Партиялық тізімдер бойынша кандидаттарды саяси партиялар ұсынады. Ал бірмандатты округтерде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және өзін-өзі ұсынған азаматтар сайлауға қатыса алады.
Сайлау 29 қарашаға белгіленген.