«Дала дәмі» – дастархан сәні
Қостанайда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Мұнда сауда сөрелеріндегі өнімдердің санг алуандығымен қатар, баға мәселесі де назар аудартады. Өйткені азық-түлік құны – әр отбасының күнделікті шығынына әсер ететін көрсеткіш.
Азық-түлік бағасы – маусымдық өзгерістерге, өндіріс шығындарына және өнімнің тұтынушыға дейінгі жолына тәуелді. Осы тізбектегі делдалдар саны артқан сайын түпкі бағаның да өсуі мүмкін. Ал өндіруші өнімін тікелей ұсынатын жәрмеңкелер саудадағы осы айырмашылықты қысқартуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкер үшін мұндай алаң – өнімін өткізу мүмкіндігі. Ал тұтынушы үшін басты өлшем – сапа мен бағаның арақатынасы. Сондықтан жәрмеңкенің тиімділігін сатылған өніммен сатып алушыға ұсынылған нақты шарттармен де бағалау қажет.
Бір реттік сауда алаңы азық-түлік нарығындағы жалпы ахуалды түбегейлі өзгерте алмайды. Тұрақты ұйымдастырылып, тауар өндірушілердің қатысуы кеңейсе, бұл бастамалар жергілікті өнімнің сапасына және тұтынушылар таңдауының артуына ықпал етуі
бек мүмкін.