Негізгі Жаңалықтар Білікті маман – мықты көшбасшы

Білікті маман – мықты көшбасшы

Құқық қорғау саласындағы қызметкер үшін заң талаптарын білу аса маңызды. Күнделікті қызметте түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысу, күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдау және әріптестермен тиімді жұмыс істеу де қажет. Бұл талаптар уақыт өте келе кәсіби құзыреттіліктің ажырамас бөлігіне айналады. Осы мәселелерді талқылау мақсатында Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. 

Келелі кездесудің көздегені көп. Басқосу барысында құқық қорғау саласында жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби біліктілігін және көшбасшылық қабілеті мен коммуникациялық мәдениетін дамыту әңгіме арқауы болды. 

Дөңгелек үстелдің өзегі – құзырлы органдар саласындағы кәсіби тәжірибені ортаға салу. Әр құрылымның жұмыс бағыты бөлек болғанымен, қызмет барысында туындайтын әлеуметтік мәселелер ортақ жауапкершілікті талап етеді. Мұндай формат мамандардың тәжірибесін салыстырып, тиімді тәсілдерді талқылауға мүмкіндік береді.

Әйелдердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жинақталған тәжірибе жаңа буын мамандарының қызметтік көзқарасын қалыптастырып, саладағы кәсіби сабақтастықты нығайтуға негіз болады.


Бөлісу