Негізгі Жаңалықтар Жедел жәрдемге дейінгі көмек

Жедел жәрдемге дейінгі көмек

Адам денсаулығына қауіп төнгенде жедел жәрдем шақыру — алғашқы қадам. Ал дәрігер жеткенше науқасқа дұрыс көмек көрсету де аса маңызды. Осыны ескерген облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандары халыққа алғашқы көмек көрсетуді үйретті. Арнайы жоба аясындағы кезекті кездесу Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде ұйымдастырылды.

Сабақтың ерекшелігі — қатысушылар алғашқы көмек көрсету тәсілдерін мамандардың жетекшілігімен іс жүзінде пысықтауы. Жобаның негізгі мақсаты — тұрғындардың медициналық сауатын арттырып, жедел жәрдем жеткенге дейінгі уақытты тиімді пайдалануға үйрету.

Тәжірибелік бөлімде мамандар шұғыл түрде адамның жағдайын дұрыс бағалаудың маңызын түсіндірді. Қатысушылар абдырап қалмай, нақты әрі қауіпсіз әрекет етуге машықтанды. Себебі төтенше сәтте орынсыз жасалған қадам адамның жағдайын қиындатуы мүмкін.

Маманның мағұлматы алғашқы көмек дағдысының адам өмірін сақтап қалудағы маңызын көрсетті. Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттерге төтенше жағдайда өз бетінше шешім қабылдап, қажетті әрекетті уақытында орындауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулерді алдағы уақытта халық көп жиналатын орындарда өткізуді жоспарлап отыр. Осы арқылы жедел жәрдем мамандары төтенше жағдайда дұрыс әрекет ете алатын тұрғындар санын арттыруды көздейді.


Бөлісу