Негізгі Жаңалықтар Ауданда ауыз су мәселесі шешілді

Ауданда ауыз су мәселесі шешілді

Ауыз су – елді мекеннің инфрақұрылымын,тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Қарасу ауданында орталықтандырылған су жүйесін тарту мәселесі бірнеше жыл бойы шешімін күткен еді. Жобаны жүзеге асыру барысында құрылыс жұмыстарының созылуы, мердігерге қатысты мәселелер мен жобалық құжаттаманы қайта қарау қажеттігі туындады. Соған қарамастан, нысанды аяқтау жұмыстары қайта қолға алынып, көптен күткен су құбыры пайдалануға берілді.

Бүгінде орталықтандырылған су жүйесінің игілігін көріп отырған тұрғындардың бірі – Бекжан Кенжебай. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстіктен Қарасу ауданына қоныс аударған. Қазір өзі де, жұбайы да мектепте жұмыс істейді. Бұған дейін отбасы үшін ауызсу мәселесі күнделікті тұрмыстың қиындығы болатын

Нысанды аяқтау үшін қосымша қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Бұл ретте негізгі міндет – басталған істі соңына дейін жеткізіп, тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды іске қосу болды. Жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны жөнінде аудан әкімі айтып берді.


Бөлісу