Негізгі Жаңалықтар Тіл үйрену – тал бесіктен.

Тіл үйрену – тал бесіктен.

Тіл үйренудің ең қолайлы кезеңі - балалық шақ. Бүгінде қазақ тілінде сөйлеп, ән айтып, тақпақ жаттаған өзге этнос балалары аз емес. Олар мемлекеттік тілді балабақшадан бастап меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануға дағдыланып келеді. Бұл - ұлт пен ұлысты жақындастырып, ортақ тілге деген құрметті арттыратын маңызды қадам. 


Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы балабақшаларда 1856 өзге ұлт өкілі тәрбиеленуде. Олардың басым бөлігі қазақ тілін күнделікті қарым-қатынаста қолдануға дағдыланып келеді. Тәрбиешілер балаларға мемлекеттік тілді ойын, ән, тақпақ және түрлі қызықты тапсырмалар арқылы үйретеді. Осылайша, кішкентай кезінен қазақша сөйлеп өскен балалардың тілге деген қызығушылығы артып, сөздік қоры молая түседі. 


Бөлісу