Қостанай метептеріне жеміс ағаштары егілді
Қостанай қаласындағы №31 мектепте «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы бастау алды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асатын бастама білім беру ұйымдарының аумағында жеміс бақтарын құруды көздейді.
Жобаның алғашқы кезеңіне өңірдегі 100 білім беру ұйымы қатысады. Биыл күзде 1 000 көшет отырғызу жоспарланған. Алдағы уақытта тағы 3 000-нан астам жеміс ағашы егілмек. Бастама мектеп ауласын көгалдандырып қана қоймай, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.