Негізгі Жаңалықтар Шеберлік пен тәжірибе тоғысқан сәт

Шеберлік пен тәжірибе тоғысқан сәт

Күресте кейде жеңіс үшін қара күштен бұрын бір ғана тәсілдің дәлдігі маңызды. Қарсыластың тепе-теңдігін бұзып, лезде әдіс жасау - кілем үстіндегі шеберліктің бір көрінісі. Қамысты ауданындағы еркін күрестен шеберлік сыныбында жас балуандар дәл осындай тактикалардың орындалу жолын тәжірибелі мамандардан үйренді. 

Бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, әр әдістің өз техникасы бар. Еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері әрі Қазақстандағы осы спорт түрінің жаттықтырушы-кеңесшісі Асбулат Магомедов жас балуандарға маңызды тәсілдер көрсетті. Олар көбінесе қарсыластың қимылын алдын ала сезіп, сәтті пайдалану, дене тепе-теңдігін дұрыс сақтауға қбағытталады. Тәжірибелі балуан үшін мұндай шеберліктің қалыптасуына жылдар қажет. 

Шеберлік сыныбының мақсаты - дайын әдісті көрсетіп қана қою емес, оның мәнін түсіндіру. Жас спортшылар әр қимылды бірнеше рет қайталап, өздеріне қажетті тұстарды тәжірибеде бекітеді. Мұндай кездесулердің тағы бір пайдасы - балуандардың кәсіби ортадан жаңа бағыт алуына мүмкіндік береді. 


Бөлісу